Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған іс бойынша сот өтіп жатыр. Прокурор айыпталушыларға 4-18 жыл аралығында жаза беруді сұраған. Бұл туралы адвокат Жандос Тұяқовтың ақпаратына сүйенген Азаттық радиосы хабарлады.
Азаттықтың жазуынша, іс бойынша алты айыпталушы бар: Назарбеков, Әбілдаев, Сыдық, Жұмахан, Асболат, Рахмет. Оларға "Бұзақылық", "Адам өлтіру", "Қылмысты жасыру", "Қылмысты хабарламау" баптары бойынша айып тағылған.
Адвокат Жандос Тұяқовтың Азаттыққа айтуына қарағанда, басты күдікті Өміржан Рахметке "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.
"Прокурор оны 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. "Қылмысты жасыру" бойынша айыпталғандарға 4-5 жыл аралығында жаза сұрады. Өміржан Рахмет тағылған айыпты мойындамайды. Сот үкімі бүгін оқылуы тиіс" депті адвокат Азаттыққа.
Жанболат Ағаділ – 2020 жылы ақпанда астанадағы уақытша ұстау изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған саяси белсенді Дулат Ағаділдің ұлы. Ол былтыр қарашада жаппай төбелес кезінде пышақталып, соның салдарынан көз жұмған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр