Оңтүстік Кореяда төрт қырғызға заңсыз виза алған деген күдік келтірілді. Олар этникалық кәрістерге арналған "Н-2" визасымен барған. Бұл туралы Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы консулдығына сілтеме жасап "Орталық Азия хабар қызметі" хабарлады.
"Олар жалған құжат жасатып, ата-әжесін кәріс деп көрсеткен. Мұндай визаларды этникалық кәрістер ғана алады", - деді Қырғызстанның Оңстүстік Кореядағы консулы Нұрзат Саяқбайқызы. Кёнсанг Намдо провинциясы Чханвон қаласының округтық соты төрт қырғыз азаматына қатысты түпкілікті шешімін 19 сәуірде шығарады.
Нұрзат Саяқбай қызының айтуынша, Оңтүстік Кореяға 2015 жылы келген күдіктілер виза тексеру кезінде ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыздарды жер аударуы мүмкін.
Бұған дейін жиырма шақты қырғыз этникалық кәрістердің визасын алу үшін есімдерін өзгерткені хабарланған еді. Олардың бәрі алаяқтарға алдандық деп отыр.
“The Qazaq Times”