Ресейде Дмитрий Медведевтің халық арасындағы рейтингі түсіп барады – деп жазады bbc.com сайты "Левада-Центра" әлеуметтік зерттеуіне сілтеме жасап.

Ақпан айында Ресей халқының 52 пайызы Дмитрий Медведевті қолдаса, наурыз айында бұл көрсеткіш 42 пайызға дейін төмендеген. Бұл Дмитрий  Медведев жайында шыққан "Он вам не Димон" атты ақша жымқырғандығы туралы тараған материалдан кейін жасалған әлеуметтік сауалнама. Осыдан кейін Ресейдің Мәскеу, Петербор сынды ірі қалаларынан бастап бірнеше облыстарында жемқорлыққа  қарсы шерулер өткен болатын.

Ал Владимир Путинді қолдаушылар саны 82 пайызды құраған. Саяси салмағы жағынан Путинді басып озатын саяси тұлға жақын аралықта Ресейде болмайтын сияқты.

“The Qazaq Times”