Коронавирус пандемиясы туралы дезинформация негізінде құрылған ақпараттар екіұшты пікір қалыптастырып, оқырманды жаңылыстыратын жалған мәліметтер жылдам тарауда. Осы орайда COVID-19 жайлы негізгі фактілерді назарларыңызға ұсынамыз.
1-дерек. Коронавирус латын тілінен аударғанда «тәж және шеңбер» деген мағына береді. Ғалымдар аталған дерт біздің заманымызға дейін 10000 жыл бұрын немесе одан ерте пайда болған деген гипотеза айтады. 1890 жылы OC43 деп аталатын ірі қара малдың коронавирусы анықталды. Ал 1950 жылдары анықталған NL63 коронавирусы және жарғанаттың MRCA коронавируыснан 563–822 жыл бұрын бөлінген.
2-дерек. Қазіргі коронавирусқа ұқсас жағдай 2003 жылы Қытайда САРС атауымен, ал 2012 жылы Таяу Шығыс репиторлық синдромы ретінде тіркелген. САРС яғни тыныстық синдром атауын алған вирусты Қытайдың Юньнань аумағындағы үңгір жарқанаттары тасымалдаған. 2019 жылғы жаңа коронавирус геномы SARS геномымен 80%-ға ұқсас.
3-дерек. Тірі жан эволюциясындағы 2 млн жыл ішінде адам баласының иммундық жүйесі бірнеше инфекциямен күресуді үйренді. Алайда «жаңа коронавируспен» күресу қиынға соғып отыр. Сондықтан да ғалымдар COVID-19-ды «жаңа вирус» деп атаған.
4-дерек. Ағзаға түскен вирус мутацияға ұшырап, көбейеді. Көбею арқылы тізбекті реакция басталады. Нәтижесінде жасуша өліп, инфекция тасымалдаушы жұқпалы болады. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.
5-дерек. Вирус алдымен тыныс алу жолдарында көбейеді, артынша өкпені зақымдайды. Сол себепті инфекцияның алғашқы симптомы – жөтелу, қызу температура. Дегенмен вирус симптомдарсыз да процесте болады. Мәселен, Ухань ауруханасындағы науқастардың 30%-нда вирус симптомдары байқалмаған.
6-дерек. Коронавирустың сирек ұшырасатын белгілерінің бірі – сезгіштік қабілеттің әлсіреуі.
7-дерек. Аталған дертке шалдыққан бір адам 2-4 адамға вирус тасымалдайды. Оңтүстік Кореяда алғаш коронавирус жұқтырған бір ғана әйел («Пациент 31») 1200-ге жуық адамға вирус жұқтырған.
8-дерек. Ғалымдардың пайымдауынша, дерттен көз жұму пайызы – 1-3% деңгейінде. Бұл көрсеткіш қарапайым тұмаудан 20 есеге көп.
9-дерек. Вирустың таралу ауқымы орасан: әлем бойынша алғашқы 100 мың адам 67 күнде, екіншісі 11 күнде, ал үшінші 100 мың науқас бар-эоғы 3 күн ішінде тіркелді. Дертке шалдыққандар саны әр күн сайын 3 есеге артып отыр.
10-дерек. Коронавирусқа қарсы екпе өндірілмейінше, әр елде енгізілген карантин жалғасады. Зерттеушілер гипотезасы бойынша, вирусқа қарсы екпе 2021 жылдың ортасында шығуы мүмкін.
Контрдерек: Егер АИТВ (ВИЧ) дертіне қарсы екпені 35 жылдан астам уақыт бойы өндіру қиын болғанын ескерсек, коронавирусқа қарсы вакцина мүлде өндірілмеуі де мүмкін дейді ғалымдар. Бұл өз кезегінде «ұжымдық иммунитет қалыптастыруға» сеп болады.
P.S: Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты. Қайтыс болғандар 400 мыңнан асса, 3,1 миллионнан астам адам жазылды. Вирусты алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді.