Ереуілдер мен тәртіпсіздіктер басылмағандықтан, Нью-Йоркте коменданттық сағат енгізілді.
Афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты халықтың наразылығы бірнеше күннен бері тыйылмай тұр. Үкімет өңірде тәртіпсіздіктің алдын алу үшін полиция өкілдерінің санын екі есеге арттырмақ. Сонымен қатар қосымша күш Манхэттен мен Бруклинге де жөнелтілетін болады.
АҚШ президентіДональд Трамп тәртіпсіздікті тыю мақсатында Нью-Йорк қаласына әскер жіберді. Ақ үй басшысы «қоғамның тыныштығы үшін әскери және азаматтық ресурстардың барлығы қолданылады» деп штат губернаторларына жағдайды бақылауда ұстау үшін Ұлттық ұлан сарбаздарын тартуды ұсынды. Егер ахуал тұрақталмаса, ереуілдерге қарулы күш жұмылдырылуы мүмкін.
Трамп: «Америкалықтар Джордж Флойдтың өліміне наразы. Менің әкімшілігім бұл оқиғаға қатысты әділдікті орнатады. Алайда, бейбіт тұрде басталған шерудің бұлай ушығуына жол берілмейді. Тәртіпсіздіктерден бейбіт халық зардап шегіп отыр. Мен ел президенті ретінде қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Бүгін мен әр штат губернаторына Ұлттық ұлан сарбаздарын да көшеге тартуға кеңес беремін. Егер сөзіме құлақ аспай, халықтың өміріне қауіп төндірсеңдер, АҚШ-тың қарулы күштерін жұмылдырып өзім-ақ мәселені шешіп беремін», – дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?