Бүгіннен бастап тағы бірнеше елмен санитарлық тәртіп күшейтілді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Ресми мәліметтер бойынша, дәл қазір шет елдерде саяхаттап жүрген 4 мыңнан астам қазақстандық азамат бар. Сол себепті Франция, Иран, Италия, Испания және Германиядан келгендер енді міндетті түрде карантинге жатқызылады. Қытай не Корея сияқты мемлекеттерден оралғандар үйде оқшаулануы керек. Ал басқа ел азаматтарының Қазақстанға келуіне тыйым салынған.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Сонымен қатар екінші категория бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзербайжан, Таиланд және АҚШ-тан біздің елге оралған азаматтарға медициналық мониторингке алынады. Бұған қоса, еліміздегі медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады», – деді.
Бүгін таңертең мәлім болғандай, Қазақстанда коронавирустың 27 жағдайы тіркелді. Алматыда сегіз және елордада екі адамнан вирус анықталды. 16 наурыздан бастап елімізде 30 күнге төтенше жағдай режимі енгізілді. Қажет болған жағдайда режим ұзартылуы мүмкін.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел