Түркияда коронавирустың жаңа түрін (COVID-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, – деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа: «Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест бойынша оның коронавирус жұқтырғандығы анықталды», – деді.
Вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған. Қазіргі уақытта пациент карантинде. Сонымен қатар, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.
Айта кетейік, Қытайдың Хубэй провинциясынан шыққан вирусты жұқтырғандар саны әлем бойынша 100 мыңнан асты. Қауіптің жоғары деңгейіне енгізілген елдер қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия бар.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел