Астана полициясы 10 сәуірден бастап халықтың қолындағы заңсыз қаруларды сатып алу акциясына кіріседі. Яғни, мылтық, оқ-дәрі, жарылғыш зат секілді адам өміріне қауіпті қарулар жиналмақ. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет әрбір заңсыз қару әкелушіге ақша төлену қарастырылған. Оның көлемі 10-100 айлық есептік көрсеткішке қарай болмақ. Яғни, әрбір қарудың түріне де байланысты.
Ал, тіркелмеген заңсыз қару тапсырушыларға қорқып, алаңдаудың керегі жоқ. Себебі, олар ешқандай қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартымайды.
Қосымша ақпараттар алу үшін Астана қалалық ІІД телефондарына хабарласуға болады: 8 (7172) 716-018, 716-170, 716-366.
“The Qazaq Times”


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?