Құқық қорғаушылар Беларуссиядағы қарсылық шеруінде жүздеген адам тұтқындалғанын мәлімдеді. Шеруге қатысушыларды қамау рұқсат етілмеген көше жүрісінен кейін басталған. Бұл туралы Би-Би-Сидің қырғыз қызметі хабарлады.
Бұған дейін "Интерфакс" агенттігі қарсылық ерлеуілге шыққандар саны 500 адамдай деген еді. Би-Би-Си тілшісі шерушілерді 1,5 мыңдай деп отыр.

Беларусь тәртіп сақшылары шеруге шықандарды ұстап жатыр. Фото: REUTERS
Қамалғандардың арасында Ресейлік журналистер де бар. Жекелеген құқық қорғау ұйымдары полицияның 700-дей адамды ұстағанын айтқан.
Би-Би-Си хабаршысы Татьяна Мельничук Совет районындағы ішкі істер бөліміне "Жедел жәрдем" қызметі шақырылғанын хабарлады.

Шеруге қатысқандарды күштеп көлікке кіргізіп жатыр. Фото: EPA
Шеруге шығушыларды полицияның арнайы күштері тұс-тұстан тосып тұрып оларды ұстай бастаған.

Қарулы күштер шеру өтіпжатқан жерге адамдарды жібермеуге тырысып жатыр. Фото: AFP
Беларуссиялық белсенділер "жұмыссыздар салығы" бойынша президенттің жарлығын алып тастауын талап еткен қарсылық әрекеттерінің жалғаса беретінін білдерді.

Қарсылық көрсеткендерді көштеп әкетіп жатыр. Фото: REUTERS
Белсенділердің бұл шеруі 25 наурызға белгіленген Беларуссия мемлекеттік мерекесінің 99 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.
Минскіде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, шеру болып жатқан жаққа бара жатқан жүргіншілер ұсталып, жолдарды жауып тастаған. Қанша кісі қамалғаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?