Белсенділер Алматы қаласының бас полицейі Серік Күдебаевтың отставкақа кетуін талап етті.
Тамыз айының 27-і күні белсенділер Алматы қаласындағы Халықаралық адам құқықтары бюросы ғимаратының алдында қарсылық акциясын өткізде. Белсенділер қалалық полиция департаментінің басышысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуін талап етіп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлемде полиция – адамның досы, ал бізде кім?» деген сөзін мысалға келтірген плакаттар алып шықты.
Белсенділердің сөзінше, олар 2018 жылдың қараша айында сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ішкі істер министрлігіне Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, генерал Серік Күдебаев пен оның орынбасары Ғазиз Нұрқаевты қызметінен алып тастауды талап етіп, ашық хат жолдаған. Бірақ жауап ретінде жай «отписка» алған. Тамыз айының 13-і күні белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына дәл осындай арыз жолдаған.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін Қазақстанда ІІМ реформалау жөнінде қызу талқылаулар жүруде. Билік өкілдері бұған дейін құқық қорғау органдарының имиджін көтеру мақсатында полиция қызметкерлерінің 10 пайызы қызметінен босатылып, қалғандарының жалақысы көтерілетінін мәлімдеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды