Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен кездесу барысында Қырымды Ресей территориясына тиесілі деп есептемейтінін мәлімдеді.
«Түркия осы уақытқа дейін Қырым аннексиясын мойындаған жоқ және алдағы уақытта да мойындамайды. Қырым татарлары – біздің бауырларымыз. Олардың әрқайсысы Түркия мен Украина арасындағы тарихи, гуманитарлық қарым-қатынастың негізі саналады», – деп мәлімдеді Ердоған.
Владимир Зеленскийдің 7-8 тамызға жоспарланған іссапары барысында Қырымдағы қауіпсіздік мәселесі, Анкара меп Киевтің дипломатиялық қарым-қатынасы және еркін сауда байланысы талқыланды.
Тараптар Донбасстағы жағдайға да тоқталып өтті. Ердоған «Донбасс мәселесін халықаралық ұйымдардың қатысуымен, заңды түрде ретке келетініне» сенім білдірді. Түркия президенті сөзінде Анкара саяси бағытын өзгертпейтінін, Қырым татарларының құқығын қорғауда атсалысатынын айтты. Сонымен қатар, Түркия билігі Минск процесін қолдайтынын жеткізді.
Кездесу нәтижесі бойынша қос тарап Түркия мен Украинаның сауда байланысын 10 млрд долларға жеткізу туралы келісімге келді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды