Twitter жеке жарнамалар үшін пайдаланушының жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.
Бұл туралы Twitter Inc өткен сейсенбіде хабарлады. Компания бұл мәселені жақында анықтағанын және дүйсенбі күні аталған мәселенің шешелігендігін жазады. Алайда, нақты қандай қолданушыларға әсер еткендігі туралы ақпарат жоқ.
Жалпы, тұтынушының деректері компаниялар үшін қуатты құрал. Себебі, олар жарнаманы қолданушының жеке деректеріне сәйкес беруге тырысады. Сол секілді Twitter пайдаланған жеке деректер қатарына қолданушы елінің коды, пайдаланушылардың белгілі бір жарнамаға көзқарасы және олардың қолданатын құрылғылар туралы жасаған тұжырымдары кірген.
Twitter ресми сайтында қолданушылардан кешірім сұрап, болашақта мұндай қателіктердің қайталанбайтынын жазып, уәде берді.
Айта кетейік, өткен жылдың басында Facebook-тің 87 миллион қолданушысының жеке деректерін Кембридж Аналитика заңсыз пайдаланғаны анықталған еді. Кейін ол мәліметтер Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлауалды науқанында пайдаланылғандығы белгілі болды. Ал, сол жылдың көктемінде Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг АҚШ Конгресінде және Еуропарламентте қатесін мойындап, деректердің қолды болғаны үшін кешірім сұрады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр