Иран "әуе - әуе" санатындағы зымырандарының үш жаңа түрін таныстырды. Бұл туралы Irna агенттігі хабарлады.
Қорғаныс министрі Амир Хатамидің сөзінше, зымырандарды жойғыш ұшақтарға, тікұшақтарға және ұшқышсыз ұшақтарға орналастыруға болады. Зымырандардың бірі 50 шақырымнан астам қашықтықтағы нысандарды атып түсіруге қауқарлы.
Жаңа қару түрі Теһран мен Уашингтон қарым-қатынасы салқын тартқан уақытта таныстырылып отыр. Былтырғы жылдың мамыр айында АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығып кеткен. Бұған қоса Уашингтон Теһранға қатысты бірқатар санкцияларын қайта іске қосқан.
Биыл маусым айында Иран билігі ядролық келісімдегі міндеттерді орындаудан бас тартатынын мәлімдеді.
Теһранның ядролық бағдарламасын жоюды көздейтін келісім 2015 жылы қабылданған. Оған Иран, АҚШ, Франция, Ұлыбританя, Ресей, Қытай және Германия елдері қол қойған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?