Ресей әскерлерінің Курил аралдары маңында (Кунашир) оқу-жаттығу ұйымдастырғанына қатысты Жапония билігі наразылық білдірді. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз конференциясында министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга хабарлады.
Мәлімдемеде: «Бұл жағдай Жапонияға да қатысты болғандықтан, біздің тарап үнсіз отыра алмайды. Сол себепті Ресейдің Кунашир маңында әскери оқу-жаттығу өткізуіне наразылық білдіреміз», – деді Ёсихидэ Суга.
Жапонияның бұл мәлімдемесіне Ресей тарабы: «5-10 тамыз аралығында Кунаширде әскери жаттығу өткізуге толықтай құқығымыз бар. Ал Токионың наразылығын негізсіз деп санаймыз» – деп мәлімдеді.
2 тамызда Курил аралдарына ресейлік шенділер басқару тобымен барғаннан кейін, Жапония Сыртқы істер министрлігі Мәскеуге наразылық хатын жолдаған болатын. Бұған қатысты пікір білдірген Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев: «Жапон халқының наразылығы біздің еш алаңдаушылығымызды туғызбайды. Курил аралдары Ресей жеріне тиесілі. Аралдар Сахалин облысына кіреді. Сол себепті ресейліктердің ол жаққа баруға толықтай құқығы бар», – деп жауап берді.
Жалпы алғанда, екі ел арасындағы арал дауы әлі күнге дейін оңтайлы шешім тапқан жоқ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин осы мәселеге қатысты 2012 жылдан бері бірнеше рет кездесу ұйымдастырған. Бірақ, тараптар ортақ мәмілеге келе алмады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі