Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта: «Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді», – делінген.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестік, дипломатиялық қарым-қатынасына тоқталып өткен. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, сондай-ақ, британ халқына бақ-береке тіледі.
24 шілдеде Консерваторлар партиясының жаңа басшысына дауыс беру қорытындысы бойынша Джонсон 92 153 дауыс, ал оның қарсыласы – қазіргі Сыртқы істер министрі Джереми Хант 46 656 дауыс жинаған. Осыған дейін мемлекет СІМ-нің басшысы және Лондон мэрі болған Борис Джонсон Біріккен Корольдіктің 77-ші премьер-министрі атанды. Сайлау нәтижесі белгілі болғаннан кейін Лондонда жүздеген адам Борис Джонсонның елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалуына қарсы наразылық акциясын ұйымдастырған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі