Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Орок ауылында тұрғындар арасында болған жанжалға байланысты Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фыраттың сол ауылға баруына байланысты мәлімдеме жасады.
"Түрік тарапына Қырғызстанның ішкі ісіне араласпай, елдің ұлттық заңдарын сыйлауға шақырған нота жіберілді", - дейді Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі.
5 маусымда Шу облысы Орок ауылында таңғы айт намазынан кейін жастар арасында төбелес болған. Салдарынан 2003 жылы туған екі жасөспірім ауыр жарақат алған.
Осыдан кейін зардап шеккен жастардың туыстары жиналып, ұрыс шығарған. Салдарынан 12 үй мен бір көліктің терезесі шағылып, бір шөпқора өртенген.
Оқиға орнына Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фырат барып, жергілікті тұрғындармен кездескен. Ол журналистерге берген сұқбатында бұл ауылда елшілік қызметкері тұратынын, оны алып кетуге барғанын айтқан. Бірақ қырғыз тарабы түрік елшілігі ел ішіне аралсып отыр деп санайды.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?