Ресми Киев пен Уашингтон Мәскеуді қатаң сынға алды.
«Владимир Путинің өз өзін Донбас және Луганск Халықтық Республикасы деп жариялаған Украина облыстарының халқына Ресей азаматтығын алуды жеңілдету туралы шешімі Минск келісімін жүзеге асыруға кедергі келтіреді» - делінген АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған мәлімдемеде.
Бұған дейін ресми Киев аталмыш мәселеге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне шағымданған. Украина президенті Петр Порошенко: «Мәскеудің Ресей азаматтығын алу процедураларын жеңілдетуі Оңтүстік Осетия мен Приднестровия сценарийін қайталау. Кремль осы арқылы аймақтағы әскери іс-әрекетін ақтап алмақ» - деп мәлімдеді.
Өз кезегінде президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленский командасы «Мәскеу Донбас тұрғындарына Ресей төлқұжаттарын тарату арқылы өзінің арандатушы ел екендігін дәлелдеді» - деген мәлімдеме таратты.
Естеріңізге салайық, сәуір айының 24-і күні Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путиннің: «Донбас және Луганск аймақтарындағы халықтың азаматтығы мен бостандығын қорғау мақсатында Ресей азаматтығын алу жеңілдетілсін» - деген жарлығы жарияланған.