Түркия АҚШ шешімін мойындамады.
«АҚШ тағы бір мәрте өзінің халықаралық құқықтармен санаспайтынын дәлелдеді. Бірақ бұл шешім Израильдің Голанд биіктігін басып алуын заңдастырмайды. Бұл керсінше аймақтағы текетіресті одан сайын ушықтырады және Таяу Шығыс дағдарысын бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіреді» - деп жазды Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы өзінің Twitter парақшасына.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трмап Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуінде Голанд биіктігін «Тәуелсіз Израильдің аумағы» - деп мойындауға байланысты құжатқа қол қойған.
Израиль 1967 жылы Сүриямен болған 6 күндік соғыстан соң Голанд биліктігін басып алған. Ал 1981 жылы аймақты біржақты шешім бойынша аннексиялаған. Израиль мен Сүрия сол уақыттан бері аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір келісімге келе алмай келеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?