Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қытайдағы қазақ мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Парламент мәжілісінде өткен үкімет отырысында СІМ Атамқұловқа «Ақ жол» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қытайдағы қазақ мәселесіне қатысты сауалдарға жауап беруін сұрады.
«Биыл қамауда отырған қазақтар жөнінде министрлікке 1387 арыз келіп түсті. Түскен арыздар бойынша, әр азаматпен жеке-жеке жұмыс істеудеміз. Себебі әрқайсының жағдайы әртүрлі. Қазір Қытайдағы лагерьлер мәселесі бүкіл әлемді шулатуда. Негізі Қытайдың өзінің ішкі саясаты бар. Бірқатар дипломат сол лагерьлерді көрді. Бүкіл әлем Қытайға қысым жасауда» - деді Атамқұлов.
Бұдан бөлек Атамқұлов Қытайдағы этникалық қазақтардың «жеңілдік алып отырғандығын» айтты.
«Бізге түскен мәлімет бойынша, Қытайда ұсталған қазақтар 80 пайызға азайған. Барлығын шетінен босатып жатыр. Биыл қазақтар тағы жеңілдік алды. Ішкі істер министрлігі және өзге де органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз» - деп мәлімдеді министр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?