Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Еуроодақ құрамынан шығу ісінің сәтсіз болуы мүмкін екендігін де жасырмайды.
«Егер Британ парламенті алдағы дауыс беру кезінде Еуроодақтан шығуды қолдамайтын болса, онда ұзақ уақыт тәуекелге барған жүйенің толығымен сәтсіздікке ұшырауы мүмкін» , деп Тереза Мэй өзінің ашық пікірін жеткізді.
Сонымен қатар, Британ үкімет басшысы соңғы бірнеше апта бойы Brexit-тің дауыс беру кезеңін кейінге қалдыруға, тіпті орта жолдан тоқтатуға да әрекет жасап жатқандардың бар екендігін алға тартты. Осы орайда Британ парламенті Еуроодақтан шығуды қолдамаған жағдайда, ағылшын тұрғындарына деген құрметтің жоқ екендігін көрсететіндігін де ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания 2016 жылдың маусым айында жаңа референдум қабылдап, Еуроодақ құрамынан толықтай шығатындығы туралы мәлімдеген болатын. Алайда, одақтың өзге елдері Британ билігінің тарапынан келген мұндай ұсынысты қабылдамай, ұзақ уақыт дауысқа салып келеді. Енді сейсенбі күні дауыс берудің әзірше соңғы кезеңі болмақ. Бірақ, мұның ары қарай жалғаса беруі де ғажап емес. Қазіргі таңда Британ премьер-министрі Тереза Мэй дәл осы жиында өзінің мақсатына түбегейлі жетуді көздеп отыр.