Қазақстанның Ұлттық қауіпсізлік комитеті әскерилер мен жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің қызметкерлері қатысы бар істерді тергеу үшін қосымша құзырет беруін сұрады деп жазады "Орталық Азия хабар қызметі".
Қазақстанда сыбайласқан жемқорлыққа қатысты істерді тергеу жұмыстарын негізінен Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюросы айналысады. Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне қарайды.
Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель ҰҚК-ға "арнайы органдардағы" қылмыстық істерді тергеу құзыретін беру туралы ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, заңдардағы мұндай өзгеріс Ұлттық бюромен тепе-теңдік орнатуға жол ашады.
Құқыққорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы тергеушінің прокурор шешіміне шағым түсіру құқығын кеңейтуді, полицияға бағынбағандарға салатын айыппұл көлемін 11 миллион теңгеге дейін өсіруді қарастырады.
«The Qazaq Times»


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?