Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Бағаны себепсіз қымбаттатып отырған монополистерді жазалау қажет» - деп мәлімдеді.
Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында мемлекет басшысы коммуналды қызмет бағасының себепсізден қымбаттауына тоқталды.
Ол өз сөзінде: «Мен Бас прокуратураға тұрғын үй коммуналды қызмет тарифтерін тексеруге тапсырма бердім. Тексерудің қорытындысы маңызды болғандықтан, мен бұны Қауіпсіздік Кеңесінде талқылауды жөн көрдім. Біз электр энергиясы мен жылу бағасын қайта қарайтын боламыз. Бұл мәселе су мен газға да қатысты. Бұларды алдағы уақытта тағы да тексеруден өткізу қажет» деп мәлімдеді.
Бұдан бөлек, президент 2009 жылы «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасының қабылданғанын айта келе:
«Жеті жылда бұл бағдарлама монополистерге өндірістерін модернизациялау үшін миллиардтаған қаржы табуға көмектесті. Біз өндірісті артыру үшін екі мәрте тарифтердің қымбаттауына жол бердік. Бірақ энергетикалық компаниялар өндіріс орындарын жаңартудың орнына тұтынушылардың есебінен байыды.» - деді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, тексеру кезінде тұтынушылардың энергия тасымалдаушы компаниялардан 14 миллиард теңге қаржылай зардап шеккендігі анықталған. Бұдан бөлек энергиямен қамтамасыз етуші компаниялардың 15 миллиард заңсыз қаржы тапқандығы белгілі болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?