Ресей президенті Владимир Путин Украинаға санкция салуға байланысты құжатқа қол қойды.
Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан айының 22-і күні Владимир Путин Украинаға санкция салуға қатысты бұйрыққа қол қойған. Ресми Мәскеу таратқан ақпарат бойынша, Ресейдің Украинаға санкция салуына Киевтің Ресей Федерациясының азаматтары мен заңды тұлғаларына қарсы қолданған іс-әрекеттері себеп болған.
Санкциялық тізім президент қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Ал ол тізімге кімдердің енетінін Ресейдің үкімет мүшелері анықтайтын болады. Санкция өз күшін Украина билігі Ресей азаматтарына қарсы қолданып жатқан іс-әрекеттерін тоқтатқан күні жояды.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін қыркүйек айында Украина билігі «ЛНР-мен» қатысы бар бірқатар ресейлік компаниялар мен азаматтық тұлғаларға санкция салған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?