Тәжікстан кеден қызметінің баспасөз хатшысы полковник Фахриддин Собиров есін жимастан қайтыс болды.
Душанбе қалалық ішкі істер бөлімі офицерге белгісіз біреулер шабуыл жасады деген ақпаратты жоққа шығарды. Милициясының мәліметі бойынша, Фахриддин Собиров қан қысымының көтерілуінен есінен танып қалған.
Бейнебақылау камераларын зерттеген милиция қызметкерлері ешқандай шабуыл жасалмағанын хабарлаған. Дәрігерлер оның қан қысымы 220-ға дейін көтерілгенін айтқан.
Собировқа шабуыл жасалған деген мәліметті оның туыстары таратқан. Олар шабуыл себебін білмейді. Офицердің әпкесі Сайёра Собированың айтуынша, оған шабуыл жасап, басынан ауыр бір затпен ұрған.
"Біз оны ауруханаға жеткізгенде, ол есін білмейтін. Дәрігерлер Фахриддин өзі құлап, басын тасқа жарып алды дегенге сенбейді. Олар басынан ауыр затпен ұрған деп болжайды", - деді Собирова.
Фахриддин Собиров кеден қызметі баспасөз хатшысы қызметіне бір апта тұрын тағайындалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?