Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өзінің отставкаға кетуі, кетпеуіне байланысты пікір білдірді.
Бүгін Астана қаласында ІІМ Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі оған: «Денис Теннің қазасынан кейін көптеген белсенділер сіздің отставкаға кетуіңізді талап етті. Сіз отставкаға кетесіз бе, жоқ па?» деп сұрақ қойды. Өз кезегінде аты шулы министрліктің басшысы: «Отставка бойынша, біз әскери адамбыз, үкімет пен президент қалай шешеді, біз соған көнеміз» - деп жауап берді.
Естеріңізге салайық, тамыз айының 19-ы күні Алматы қаласында Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін ІІМ үлкен дауға іліккен. Азаматтық белсенділер мен журналистер Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың оставкаға кетуін талап етіп, ведомстваның өзіне түбегейлі реформа қажет деген. Осыдан кейін көп ұзамай президент Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ модернизациядан өткізу қажет деп, арнайы құжатқа қол қойған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?