Саясаткерлер мен жазушылардан, сондай-ақ мәдениет қайраткерлерінен құралған 250 адам Франция үкіметіне петиция жолдады. Онда олар қасиетті Құранға өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасап, мұсылман әлемін дүрліктіретін қадамға барды. Бұл туралы франциялық ақпарат көздері, оның ішінде «liberation.fr» хабарлайды.
Бір қызығы, петиция жолдаған қоғам белсенділерінің арасында Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен танымал жазушы Шарль Азнавур да бар екен. Олар Құрандағы өзге дін өкілдеріне қатысты жазылған сөздерге өзгерістер енгізілуін талап етуде. Бірақ, Францияда тұратын мұсылмандар қауымдастығының өкілдері бұл петицияны мүлдем жоққа шығаруды ұсынып, франциялық қайраткерлердің әрекетін «нәсілшілдік, исламофобия және мәдениетсіздік» деп атаған. Енді, аталған мәселенің француз қоғамының арасына жік салуы мүмкін екенін де болжаушылар бар.