Бірнеше айдан бері қамауда отырған Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный өзіне Құран кітапты оқуға бермегені үшін өзі қамауда отырған колонияны сотқа берді. Бұл жайлы саясаткердің Instagram парақшасында мұсылмандар үшін қасиетті ай саналатын Рамазанның алғашқы күні, 13 сәуірде жарияланды.
"Маған Құран кітабымды бермей жатыр. Жыныңа тиеді. Мені жаңадан түрмеге отырғызған кезде өз-өзімді дамыту үшін тізім құрастырғанмын. Сондағы пунктердің бірі: Құран мен Пайғамбар Сүннетін терең зерттеп, түсіну болатын" деп жазды Навальный.
Бүгін жарияланған поста саясаткердің түрме әкімшілігінің үстінен жазған жазбаша арызының да фотосы бар. Дегенмен Ресейдің ақпарат құралдары әзірге сот сайтынан Навальныйдың шағымын таба алмаған.
Кремль сыншысы Алексей Навалный қаңтар айынан бері қамауда отыр. 2 ақпанда Мәскеудің Симонов соты Алексей Навальныйды 2013 жылы "Ив Роше ісі" бойынша шыққан шартты жаза ережелерін орындамады деген айып тағып, оған түрме жазасын кескен.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді