Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен кездесуге дайын – деп хабарлайды «Корреспондент» басылымы.
Солтүстік Корея орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, тамыз айының 15-і күні Владимир Путин Кореяны азат ету күніне орай Ким Жоң Унға құттықтау телеграммасын жіберген. Онда: «Екі жақтық қарым-қатынас және аймақтық қауіпсіздік жөнінде келіссөздер жүргізу үшін сізбен алдағы уақытта кездесуге дайынмын. Ресей мен Солтүстік Корея қарым-қатынасын тоқтаусыз дамыта алады» - делінген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін маусым айының 12-і күні Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ун кездескен. Кездесу барысында Солтүстік Корея ядролық бомбадан бастартып, АҚШ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болып уағдаласқан.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды