RIKEN институты мен Коба қаласындағы медицина орталығы көздің қарашығын трансплантациялау үшін алғашқы тәжірибе жасап көрмек. Ол үшін қазіргі таңда іріктеу болып жатқан көрінеді. Яғни, жасанды көпфункционалды iPS-жасушаларды көзге орналастырады. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен жасалынатын бұл трансплантацияның алғашқы тәжірибесі үшін бес пациент іріктеліп алынған. Бұл бастаманың жетекшісі Масае Такахасидің айтуынша, алғашқы трансплантация сәтті аяқталып жатса, 11 айда жүзеге асатын әр адамның көз қарашығындағы жасушалардың өсімі 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік туады және құнын бірнеше есеге арзандатуға болады екен. 2014 жылы ең алғаш рет 70 жастағы пациентке iPS-жасушаларды қолданып ота жасалынған. Жақсы нәтиже көрсеткендіктен, енді осы жасушаларды пайдалана отырып көздің қарашығына ота жасауды көздеген. Зерттеушілерден болжауынша, бұндай ота көз ауруларына көп көмек көрсетпек.
Ғалымдардың айтуынша, көзге арналған iPS-жасушаларды басқа адамның көзінен ғана емес, өзінің денесінен де алуға болады. Он жылдан бері өндіріліп келетін бұл жасушалардың бір ғана кемшілігін түзететін амал табылмай жатыр. Ол – медицинадағы бұл жасушалардың, қатерлі ісікке шалдығуға жол ашатындығы.
«The Qazaq Times»


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті