Иранның «Әл Құдыс» арнайы әскери бөлімшесінің басшысы Касем Сүлеймани АҚШ президенті Дональд Трампты өзінен бұрынғы президенттерді есіне түсіріп, олардың қателерін қайталамауға шақырды. К.Сүлеймани бүгін, 26 шілде күні АҚШ-ты Қызыл теңізге әскер жіберуден сақтандырып, бұдан былай теңіздің америкалықтарға қауіпсіз болуы мүмкін еместігін ескертті, - деп хабарлайды lemonde.fr.
«Америкалықтар үшін қауіпсіз аймаққа айналған Қызыл теңіз енді олай болмайды". Д.Трамптың күні кеше Иранға қарсы жасаған мәлімдесіне қатысты осылай мәлімдеме жасаған Иранның «Әл-Құдыс» әскери арнайы бөлімшесінің басшысы Трампқа: «Сен соғыс бастауыңа болады, алайда оның нүктесін біз қоямыз» деді. Бірақ, ол "соғыстың аяқталуы" туралы сөзі арқылы нені меңзегенін нақты ашып айтпады. «Әл-Құдыс» бөлімшесі Америка әскерлеріне жау. Мен оған (Америка президенті - ред.) АҚШ-тың өзіне дейінгі президенттерін есіне алып, олардың қателерін қайталамауға шақырамын. АҚШ президенті біздің оның қанда қадам жасайтынын күтетінімізді және ештеңеден тайынбайтынымызды білуі тиіс», - деген К.Сүлеймани.
Еске салайық, осыған дейін АҚШ президенті өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндеі парақшасында Иран президенті Хасан Руханиге егер ол Уашингтонға қарсылығын тоқтатпаса, қиын жағдайда қалатыны туралы жазба қалдырған еді. Оның осы мәлімдемесінің артынша, Иран президенті де АҚШ-ты Ислам Республикасымен соғыстан сақтандырып, оны «отпен ойнамауға» шақырған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, «Әл-Құдыс» ирандық арнайы бөлімшенің басшысы Касем Сүлеймани Ирак үкіметінің әскери кеңесшісі де болып табылады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік комитетінің санкциялық тізіміне іліккен әрі елден шығу құқығынан айырылған. Осыған қарамастан, ол 2016 жылы Әл-Фаллуджа қаласын ДАИШ террористерінен босату үшін ирактық әскерилердің операциясына қатысқан.