25 шілдеде тәжік-ауған шекарасында Душанбенің төрт жас тұрғыны Ауғанстанға заңсыз өтпек болған жерінен ұсталған. Бұл жөнінде Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің өкілі хабарлады.
17-18 жастағы жас жігіттер Ауғанстанға өтіп, "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобына қосылмақ болғандарын мойындаған.
Ұсталған төрт жасөспірімнің төртеуі де Душанбе мектептерінің бірінде бірге оқыған. Есірткіге қарсы күрес агенттігінің өкілі Мухаббат Абдуллозоданың айтуынша, аталған жастар алдында да шекараға бірнеше рет келіп, Пяндж өзенінен қалай өту керектігін тексеріп кеткен.
Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы - 1400 шақырым. Биыл көктемде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Ислам мемлекеті" құрамындағы ондаған тәжік содыры Сүрия және Ирактағы соғыстан жеңілістен кейін, Ауғанстанға өтіп кеткенін, олардың Тәжікстан жастарын тартуы мүмкін екенін айтып, қауіптенген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?