Аустралия тұрғыны Джеймс Харрисон әлемдік рекорд орнатты. Ол өз еркімен донорлықпен айналысады және оның қаны 2 миллион өмірді өлімнен арашалап қалған. Бұл туралы ғылыми-танымдық sci show бағдарламасының ресми сайтында хабарланған.
Джеймс Харрисон 60 жыл бойы мыңнан аса рет донор болған. Оның қаны 2 миллион бүлдіршіндердің өмірін құтқарып қалды. Аталған 2 миллионның басым бөлігі – жаңа туған нәрсетелер.

Фото: peoples.ru
Джеймс Харрисонның бұндай шешімге келуіне өзінің бала кезіндегі ауырғаны себепкер болған еккен. Оған 13 жасында өте күрделі ота жасалған және 12 литр қан құйылған. Отадан кейін Джеймс 3 ай бойы ауруханада жатып, емделген. Сол кезде, өмірін арашалап қалған қан өзгенің қаны екенін біліп, бала Харрисон өзі де донор боламын деп шешім қабылдаған. Заңға сәйкес, он сегізінші туған күнін өткізе салысымен, алғаш рет қан тапсырған.
Джеймс Харрисон биыл 81 жаста (1936 жылы дүниеге келген). Ұзақ жылдар бойы донорлықпен айналысып жүрген Аустралия азаматына Аустарилия Орденін берген (Order of Australia medal).
«The Qazaq Times»


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті