Австрия билігі ел аумағындағы мешіттерді жаппай жабуда – деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
ВВС мәліметінше, Австрия билігі ел аумағындағы жеті бірдей мешітті жауып, 11 имамды депортациялаған. Ресми Вена өзінің бұл шешімін депортацияланған имамдар мен мешіт қызметкерлерінің осы уақытқа дейін шетелден қаржы алып келуімен түсіндірген.
Қазіргі таңда Австрия құзырлы органдары «Түркия діни ұлтшылдары» мен «Араб діни ұйымдарымен» байланысы бар 260-қа жуық имамның биографиясын тексерген. Олардың ішінде 40 имамның Түркия билігіне жақын АTIB ислам ұйымымен қатысы бар екендігі анықталған.
Өз кезегінде Түркия президент әкімшілігі өзінің «Twitter» парақшасына «Ресми Венаның ислам ұйымдарына қысым көрсетуі саяси алаңда арзан ұпай жинау және мұсылман жұртын кемсіту» - деп жазған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап