Тәжік-қырғыз шекарасында қарулы қақтығыс болды – деп хабарлайды Turmush.kg ақпарат көзі.
Turmush.kg мәліметінше, Қырғызстанның Баткен облысына қарасты Лейлек ауданында Тәжікстан шекарашылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алған. Тәжік шекарашылары бейтарап аймақта сауда жасаған Қырғызстан азаматтарына күш көрсетіп, аймақтан кетулерін талап еткен. Бірақ саудагерлер бейтарап аймақтан кетуден бас тартқан. Осыдан кейін Тәжікстан шекарашылары ескерту ретінде әуеге оқ атқан. Кейіннен оқиға орнына Қырғызстан шекара қызметі өкілдері келіп, Тәжікстан шекарашыларына қарапайым халыққа күш көрсеткендері үшін ескерту жасаған. Бірақ Тәжікстан шекарашылары олардың бұл ескертулеріне құлақ аспай кезекті рет әуеге оқ атқан. Шекаралық аймақта бірнеше мәрте оқ атқаны үшін Қырғызстан шекара қызметінің арнайы жасағы тәжік сақшыларын ұстап, уақытша тергеу изоляторына жеткізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды