Израиль әскері соғыс жағдайына өтті – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Мамыр айының 8-і күні Израиль армиясының ресми өкілі Джонатан Конрикус өзінің Twitter парақшасына: «Израиль армиясы Сүрия аумағындағы Иран әскерінің белсенді әрекеттеріне байланысты жергілікті билік өкілдеріне «Голанд биіктігіндегі» бейбіт тұрғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бункерлерді дайындауға тапсырма берді. Израиль армиясы сырттан келетін кез келген арандату әрекетіне қатаң жауап береді» - деп жазған.
Бұдан бөлек Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман жоғары лауызымды әскерилерді Тель-Авив қаласына шақыртқан. Онда олар Сүрия аумағындағы Иран армиясының іс-әрекетіне байланысты жиын өткізген. Жиыннан кейін Израиль қарулы күштері Дамаск қаласы маңында орналасқан Иран армиясына тиесілі әскери базаларды бомбалаған. Алдына ала болжамдар бойынша әуе шабуылы салдарынан 9 адам көз жұмған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?