Словакия халқы мерізімен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етіп ереуілге шықты.
Сәуір айының 27-і күні 5 мыңға жуық словакиялық Братислав қаласының орталық алаңына жиналды. Наразылық шеруіне шыққан азаматтық белсенділердің басты талады елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу. Ереуілді ұйымдастырушылардың сөзінше, ел үкіметіне журналист Ян Куцияктың өлімінен кейін халық сенбейді.
Естеріңізге салайық, 25 ақпан күні Словакияда белгілі журналист Ян Куциякқа қастандық жасалған. Салдарынан Куцияк пен оның қалыңдығы оқиға орнында көз жұмған. Ол өзінің соңғы зерттеу материалдында премьер-министр Роберт Фицоны Италия мафиясымен жақын қарым-қатынас орнатты деп айыптаған. Бірақ Фицоның өзі журналистің бұл айыптауын жоққа шығарған. Алайда премьердің ақталу әрекеттеріне қарамастан Словакия халқы жаппай ереуілге шыққан. Осыдан кейін Роберт Фицо мен оның екі көмекшісі, Ішкі істер министрі және мәдениет министрі отставкаға кеткен.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды