Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күн сайын латын әліпбиін жазып, жаттығады. Бұл туралы ол бүгін «Гуманитарлық жаңа білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында өткен кітап таныстырылымында айтты.
Оның сөзінше, қазақ әліпбиінің латын кестесіне өтуі еліміз үшін үлкен маңызға ие . Н.Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өз әліпбиі мен өз жазуын таңдағанын, кез келген елде мұндай оқиғаның өте маңызды әрі ұмытылмас құбылыс болып саналатынын айтты.
«Біз бұл қадамға Қазақстанның әлемдік көшбасшылардың қатарына кіре алуы үшін, тіліміздің дамуы үшін бардық. Біз жаңа әліпбиімізді біртіндеп енгізе беруіміз керек. Өз басым Абай атамыздың сөздері мен өз ойларымды күнделікті латын әліпбиінде жазып жүремін. Меніңше, бұл аса қиын емес» , - деді президент.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы