Оңтүстік Кореяның әуе күштері АҚШ-қа тапсырыс берген F-35A соғыс ұшағын тапсырып алды. Оңтүстік Корея ресмилерінің мәлімдеуінше, Кореяның F-35 бесінші ұрпақ соғыс ұшақтарына ие болуы нақты әскери әлеуетін арттырып қана қоймай, маңызды символдық мәнге де ие болды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
F-35 ұшағы – әлемдегі ең озық соғыс техникасының бірі. Аталған ұшақтың 5-ші ұрпақ жаңа түрлері орнынан тік көтеріліп ұшу, әуеде айналу, лезде кері бағытқа ұшу, жедел шабуылдау, т.б. толып жатқан мүмкіндіктерге ие. Ұшу қарқыны жағынан да оған теңдес соғыс ұшақтары кемде кем. АҚШ бұл ұшақтарын әлемде тек Израиль мен Оңтүстік Кореяға ғана сатып берген.
F-35A ұшақтарын өткізіп беру және қабылдап алу салтанатты шарасына Оңтүстік Кореяның парламент өкілдері, әуе қорғаныс күштерінің лауазымдылары және Пентагон лауазымдылары қатысты. АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскери қару-жарақ сату-сатып алу ісіне жауапты Эллен Родс сөзінде: «F-35 жауынгерлік ұшағы Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштерінің қуатын арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. Оған қоса, екі тараптың әскери саладағы ынтымақтастығын бекемдей түседі», – деді.
Оңтүстік Корея әуе күштерінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әуе күштері F-35 ұшақтарын пайдаланады. Ал, Оңтүстік Кореяның да мұндай типтегі ұшақтарға қол жеткізуі екі елдің бірлескен әуе операцияларының әлеуетін арттыра түседі. Екі елдің әуе күштерін тұтас жүйеге келтіреді.
Оңтүстік Кореяның әуе күштері F-35A ұшақтарын алдымен әскери жаттығуға пайдаланады. 2019 жылы елдің әуе күштеріне ресми түрде пайдалануға береді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр