Тунис Үкіметі Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Emirates airline әуе компаниясының ұшақтарына өз астанасына қонуға тыйым салды. Мемлекеттік шектеу шарасына БАӘ-ның тунистік әйелдерді бірнеше күн қатарынан рейстерге жібермей не қатаң тексерістен өткізуі себеп болған. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Ресми мәлімдемелер бойынша, Біріккен Араб Әмірліктері өз территориясы арқылы тунистік әйелдердің ұшуына тыйым салған. Жергілікті басылымдар Emirates airline әуе желісінің Дубай бағытындағы рейстеріне Тунис әйелдері бірнеше күн бойы жіберілмегенін жазды. AFP ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Тунис әйелдері өздерінің БАӘ бағытындағы рейстеріне шектеу қойылғанын айтқан. Жұма күні Тунис Үкіметі мәселенің себебін білу үшін БАӘ елшісіне жолдаған хатына бұл уақытша шаралар болғаны және ендігі қолданылуы тоқтатылғаны туралы жауап алған.
Тунистің Көлік министрлігі әуе желісінің қызметіне қойылған тосқауыл БАӘ рейстерді халықаралық талаптар мен заңдарға сәйкес жүзеге асырмайынша жалғасатынын хабарлады. БАӘ-ның Сыртқы Істер министрі Анвар Гаргаш өзінің твиттер парақшасында Emirates airline қызметіндегі кедергілерге байланысты: "Біз жағдайды анықтау үшін тунистік бауырларымызбен сөйлестік. Бірқатар қауіпсіздік шаралары үшін рейстер кейінге қалдырылды. Біз Тунистің әйелдерін ерекше құрметтейміз", - деп жазды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел