Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтар табыс етті. Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам "Құрмет" орданімен марапатталды.
Қанат Ислам - қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe чемпионы, яғни орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі.
"Құрмет" орденімен сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те марапатталды. "Құрмет" ордені 1993 жылы бекітілген. Бұл орден экономика, әлеуметтік салаларда, ғылым мен мәдениет, білім беру, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан азаматтарға беріледі.
Бұдан бөлек Президент тағы бірқатар министр мен ұлттық компания басшыларына "Парасат", "Қазақстанның Еңбек ері", "Отан", "Барыс" сынды ордендерін табыстады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?