Кеше, Алматы қаласында өткен бокс кешінде ұлт мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Қазақ Ислам қарсыласын небары 14 секундта құлатып салды. Рекордтық жеңісінен кейін ол орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы атанды.
Жекпе-жек бастала сала Қанат өзінің қарсыласы Хулио де Хесусты соққының астына алды. Алғашқы ауыр соққыдан ақ Хесус есеңгіреп кеткен. Осылайша Қанат Қазақ Исламның жанкүйерлерін 2 жыл күттірген жекпе-жегі небары 14 секундта аяқталды.
Ол жекпе-жектен кейін өз жеңісін халқына арнайтынын айтты және халқына деген махаббатын ақын Мұқағали Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен жеткізді.
Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен додада қазақстандық боксшылар түгелдей жеңіске жеткенін де айта кетейік.