Құрама Штат Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп танығаннан кейін АҚШ-тың одақтас елдері де президент Трампты қатаң сынға алды. Ал, Ақ үй жақ вице-президент Майк Пенс арқылы Палестина президентін бейбітшілік келісімінен бас тартпауға шықырды. Осыдан бұрын Аббас өзінің Майк Пенспен желтоқсан айының соңында болатын келіссөздерін күшінен қалдыратынын білдірген еді. Уашингтон жақ Аббастың бұл шешімі бейбітшілікті сақтауға кері әсер ететінін алға тартуда. Иерусалим қайшылығын BBC-дің ресми сайты сараптаған болатын.
Трамптың шешімі Құрама Штаттың Таяу-Шығыс және Иерусалим қаласына қаратқан неше он жылдан бергі ұстанымын бүтіндей өзгертті. Майк Пенспен болатын диалогты Палестинаның бірқатар жоғары лауазымдылары күшінен қалдыратындарын жария еткен. Израиль өз тәуелсіздігін жариялағаннан тартып, АҚШ президенттері нәзік те, даулы Иерусалим мәселесін келіссөз арқылы шешу принципін ұстанып келген.
Палестина-Израиль жерінде наразылық шерулері қақтығысқа ұласуда. Хабарға қарағанда, Газа секторы маңында ұйымдастырылған наразылық шеруінде Израиль қарулылары палестиналықтарға жасауратқыш газ қолданған әрі оқ атқан. Демонстрация қазірде жалғасуда, мәліметтерге сүйенсек 31 палестиналық жарақат алған. Палестинаның «Хамас» ұйымы жаңа қозғалыс бастағандарын жариялады. Израиль қарулыларының санын барған сайын көбейте түсуде.
Құрама Штаттың жаңа шешіміне оның ең жақын одақтас елдері де қарсылық танытуда. Бірқатар Батыс елдері мен араб елдері наразылық білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің және Араб лигасының кезектен тыс отырысын өткізіп, АҚШ-тың шешіміне қарсылық білдірмек.
Иерусалим Израиль мен Палестина арасындағы ең басты қайшылықтың бірі. Адамзат өркениеті мен мәдениетінде маңызы зор бұл қалада Семиттердің барлық діндерінің тарихи құнды жәдігерлері мен киелі орындары бар. Иудейлер, христиандар, мұсылмандар арасында Иерусалим үшін талас бірнеше мың жылға жалғасып келеді. 1967 жылы Таяу-Шығыстағы соғыс кезінде Израиль Иерусалим қаласының шығысын басып алған. 1980 жылдан бері Израильдің орталық қаласы етуге құлшынып келеді. 1967 жылдан бері Израиль Иерусалимның шығысында ондаған елді мекендер салып, 200 мың халықты қоныстандырған.