АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Израильге 735 миллион долларға жоғары дәлдіктегі қару-жарақ сатуды мақұлдады.
The Washington Post мәліметінше, Конгресс хабарламаны 5 мамырда – Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс басталардан бірнеше күн бұрын алған. Заң шығарушылар мәмілені 20 күн ішінде қарауы тиіс болатын.
Газадағы палестиналықтар мен Израиль армиясының қақтығысы 10 мамырдан бері жалғасып жатыр. Бұған дейін Палестина президенті Махмұд Аббас мәлімдемесінде: «Құддыс Палестинаның жаны мен жүрегі. Оны толық азат етпей, ешқандай да бейбітшілік, қауіпсіздік болмайды. Құддыс – Палестинаның, мәңгілік мемлекеттің астанасы. Мен АҚШ пен Израильге «жетеді енді, елімізден кетіңдер» деп, шегелеп тұрып айтқым келеді. Жеріміздегі басып алу саясатын ертең емес, бүгін тоқтатыңдар»,– деді. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қажет болған жағдайда операция жалғасатынын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша Израильде кем дегенде 10 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған. Палестинада 200-ден астам адам қайтыс болды және 6000-ға жуық адам жарақаттанған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті