Құрама Штаттың Ең жоғары соты дүйсенбі күні шешім шығарып, Трамп үкіметі жолға қойған кейбір елдердің азаматтарын АҚШ-қа кіруіне шектеу жөніндегі қарарын мақұлдады. Осыған дейін АҚШ-тағы бірқатар төменгі соттар кедергі болып келген қарарға, жоғары сот шешімі Ақ үйге үлкен қолдау беріп отыр. Жоғары сот үкіметке тиым салуға рұқсат беру туралы қысқа жазбаша ұйғарымын шығарды. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлады.
Құрама Штат президенті Дональд Трамп 24 қыркүйек күні жариялаған мәліметінде, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа саяхаттап кіруіне шектеу қойған. Олар: Чад, Иран, Ливия, Сомали, Сирия және Йемен сияқты 6 мұсылман елмен қатар, Солтүстік Корея азаматтары және Венесуэланың кейбір үкімет өкілдеріне қаратылған. Бұл Трамптың үшінші рет жариялаған шектеу саясаты.
Жоғарғы соттың қаулысы бойынша, Трамп үкіметі шектеу саясаты негізінде Жоғары сотқа ұлттық қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырудың нақты жолдарын жолдауы керек. Жоғары сот тарабы оны қайта қарап, алдағы уақытта толық бекітілген қарарды жария етеді.