Қазақстанда 5 әскери сот таратылып, 34 судья қызметінен кетті. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді.
Жоғары сот кеңесі нәтижесінде Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Өскемен гарнизондарына қарасыт әскери соттар таратылған. Ондағы штаттық лауазымдар жергілікті соттарға ауыстырылады. Сонымен қатар, кеңесте ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі Алқасының төрағасы лауазымына үміткердің кандидатурасы мақұлданды.
Жоғары сот таратқан хабарламада: «Бұдан бөлек, 34 судья түрлі себептермен атқарып жатқан қызметінен босатылатын болды. Оның ішінде 17-сі судья болып қала береді және басқа лауазымдарға тағайындалады. Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия шешімдеріне және Сот жюриінің шешімдеріне судьялардан түскен 6 шағым қаралды. Оларды қарау бойынша 2 судьяның шағымдары қанағаттандырылып, қалған 4 судья бойынша шешім өз күшінде қалды» – делінген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы