Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы жолаушылар терминалын жөндеу жұмыстарына (қосымша) 2017 жылы Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның сөзінше, бөлінген қаржының 3,5 теңгесі игерілген. Қалған 1,5 млрд теңге Қаржы министрлігінің Ішкі аудит комитетінің бұйрығына сәйкес, басқа бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінеді.
Бұдан бөлек, 2017 жылы Ұлттық қордан шамамен 53 млрд теңге тұрғын үй коммуналдық қызметінің 700 шақырымға жуық желілерін жөндеуге жұмсалады.
2017 жылы сондай-ақ, Ұлттық қордан 71,7 млрд теңге 109 білім беру орнының құрылысына жұмсалмақ және оның 79-ы биыл пайдалануға берілуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін 2017 жылғы шілдеде Ұлттық қордың активтері 4,3 млрд АҚШ долларына немесе 57,9 млрд АҚШ долларына дейін (6,9%-ға) төмендегені туралы хабарланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?