Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы жолаушылар терминалын жөндеу жұмыстарына (қосымша) 2017 жылы Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, бөлінген қаржының 3,5 теңгесі игерілген. Қалған 1,5 млрд теңге Қаржы министрлігінің Ішкі аудит комитетінің бұйрығына сәйкес, басқа бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінеді.

Бұдан бөлек, 2017 жылы Ұлттық қордан шамамен 53 млрд теңге тұрғын үй коммуналдық қызметінің 700 шақырымға жуық желілерін жөндеуге жұмсалады.

2017 жылы сондай-ақ, Ұлттық қордан 71,7 млрд теңге 109 білім беру орнының құрылысына жұмсалмақ және оның 79-ы биыл пайдалануға берілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 2017 жылғы шілдеде Ұлттық қордың активтері 4,3 млрд АҚШ долларына немесе 57,9 млрд АҚШ долларына дейін (6,9%-ға) төмендегені туралы хабарланған.

“The Qazaq Times”