2017 жылы республикалық бюджет шығыны алдын ала нақтыланған жоспардан бөлек тағы 15,1 млрд теңгеге ұлғаяды. Сондай-ақ, депутаттар мен әскери қызметкерлердің жалақысын көтеру ұсынылып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстыру кезінде ол 2017 жылы жалпы мемлекеттік шығын 11,191 трлн теңге болатынын атап өтті. Ал бюджетке түсетін нақты қаржы көлемі 9,691 трлн теңге болады немесе ЖІӨ-нің 8,7%-ын құрайды.
Министрдің сөзінше, бюджет шығындарының өзгеруі екі бағытта жүреді.
"Біріншіден, Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын және халықаралық міндеттерді іске асыруға 89,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл үкімет қоры мен кірісті арттыру есебінен болады. Әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың жалақысын арттыруға 33,1 миллиард теңге қарастырылған", - деді Сұлтанов.
Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ-да белгілі болғандай, 2017 жылы 1 наурыздан бастап кейбір деректер бойынша, қазақстандық депутаттардың жалақысы,30%-дан 50%-ға дейін көтерілген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?