Естеріңізде болса осы аптаның соңында АҚШ пен Түркия елшіліктері бір-біріне виза беруді тоқтатқанын арт-артынан жария еткен еді. Алайда, бүгін түстен бұрын Түркия үкіметінің өкілдері бұл дағдарыстың тек уақытша екенін айтты. Бұл туралы Түркияның премьер-министрінің орынбасары Мехмет Шимшек мәлімдеген болатын. Хабарды сол елдің «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты жазды.
Мехмет Шимшек 11-15 қазан аралығында Уашингтонда өтетін Халықаралық Валюта Қоры және Әлем банктерінің кеңесіне қатысу үшін Құрама Штатқа сапарлай барды. Ол Түркия экономикасы атынан форумда сөйлеген сөзінде түрік жұртының экономикада көп рет реформаны жүзеге асырғанын, қазір әлемнің 13-ші орынында тұрған Түркия экономикасының жай-күйін, Құрама Штатпен алдағы уақытта барлық саладағы ынтымақтастықты баяғыдай қалыпты ұстап тұратындықтарын айтты. Ол өткен аптада болған виза берудегі дағдарыстың тек уақытша екенін айтып өтті.
Мехмет Шимшек сөзінде: «Түркия егемен әрі намысты ел ретінде АҚШ-тың виза саясатына бірдей деңгейде ғана жауап берді», – деді. Сонымен бірге, Түркия мен АҚШ-тың көп жақтарда мүдделестігін ескере отырып, қарым-қатынастардың қолайлы әрі ашық болуы керек дегенді атап өтті. Виза дағдарысының шешім табуын Түркия жақ та асыға күтетінін жеткізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?