Кеңестер одағының бұрынғы басшысы Михаил Горбачев Каталония тәуелсіздігі жайында пікір білдірді.
Интерфакс ақпарат агенттігінің мәліметінше, Горбачев өзінің «Остаюсь оптимистом» атты кітабының тұсаукесерінде журналистердің Каталонияға байланысты қойған сұрағына: «Мен Испания Каталониясы жайында ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені біздің өз «Каталонияларымыз» бар. Олармен әлі талай келісімдер жасасуымыз керек» - деген.
РИА новости ақпарат агентігінің хабарлауынша, журналистер Горбачевтан Испаниядағы жағдай мен Кеңестер одағының құлауын салыстырып көруді сұраған. Бірақ саясаткер бұл тақырыпта әңгіме қозғаудан бас тартқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?